Тамшылатып суғару әдісімен бір жылда 4 рет өнім алу жоспарлануда

Oinet.kz 18-10-2021 959

Screenshot_20.png

Мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жем-шөп дайындау» іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінде бұл бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, 2021 жылға «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ірі қара, қой, жылқылардың аналық басына арналған жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату бойынша қажетті қаржы көлемі анықталды. 

Осыған сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 248,0 млн. қаржы қарастырылып, қала әкімдігінің қаулы жобасы дайындалуда.  

Жем-шөп өндіру кезінде қуаңшылықтан сақтандырудың қолжетімділігін жетілдіру мен арттыру бойынша қала аумағында шаруашылықтармен бірлесе жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, «Қасқасу-С» шаруа қожалығында мал азықтық дақылдар егілетін жерге тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып бір жылда егістіктен 4 рет өнім алу жоспарлануда. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта шет ел ғалымдарымен бірлесе мал азықтық дақылдарды егу үшін алдын ала топырақтың құрамын зерттеу бойынша жұмыстар атқарылуда. 

Бұған қоса аталған шаруашылық базасында гидрапоникалық әдісті қолданану арқылы шырынды мал азығын дайындау жоспарлануда. Аталған әдістітің тиімділігі 2 кг астық дәнін сеуіп 7 күнде 12 кг шырынды мал азығын алып өнімділікті жоғарылату. Бұл әдіс бойынша алдағы уақытта шаруашылықтермен арнайы жиналыс-семинарлар өткізіліп, қала аумағындағы шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарда орналастыру жоспарлануда.


«Дархан жүрек Мұқағали»
Ауылшаруашылық саласында инвест жобалар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу