«Дархан жүрек Мұқағали»

Oinet.kz 18-10-2021 794

Screenshot_19.png

Бүгін Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Дархан жүрек Мұқағали» әдеби кеші өтті.

 Жиынға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Айдархан Әділбаев, «Мұқағали» фильмінің режиссері Болат Қалымбетов, «Қазақфильм» киностудиясының редакция алқасының мүшесі Абылайхан Айтжанов, қоюшы-суретші Ермек Өтегенов, драматург-аудармашы Әсет Омаров қатысты.

Ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеште М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің өнер факультетінің студенттері ақын шығармаларын оқып, жырдан шашу шашты. Сондай-ақ, кеш қонақтарына «Мұқағали» фильмі жөнінде сауалдарын қойып, кино саласының майталмандарының пікірін тыңдады. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Мұқағали» фильмінде ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндалады. Режиссер Б.Қалымбетовтің айтуынша, фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек және Ғазиз Насыровпен бірге жазған.

Фильмнің сюжеті 1950-1970 жылдарды қамтиды. Сондықтан, қоюшы-суретші Ермек Өтегенов басқаратын көркем өнер бөлімінің еңбегі орасан. Олар өткен заманның бейнесін бөлшектеп жинап, сол кездегі тұрмыс пен инфрақұрылымды дәл көрсеткен. Тіпті, ескі Алматыға ұқсас қаланы табу үшін түсірілім тобы Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаған. Нәтижесінде шығармашылқ топ ескі көшелері мен үйлері жақсы сақталған Өскемен қаласын таңдапты.

Киноиндустрияның қыр-сырын білуді мақсат тұтқан студенттер фильмде ақын бейнесін ашудағы режиссер жұмысының қызығы мен қиындығы туралы сауалдарын қойды. 


«Мұқағали» көркем фильмінің премьерасы өтті
Тамшылатып суғару әдісімен бір жылда 4 рет өнім алу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу