Ауылшаруашылық саласында инвест жобалар көп

Oinet.kz 08-10-2021 483

Screenshot_22.png

Инвестиция бойынша елімізде алдыңғы орында келе жатқан үшінші мегаполисте ауылшаруашылық саласында да бірқатар жобалар іске асырылуда. Айталық ағымдағы жылы құны 16,3 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ретте 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. 

 Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбековтың айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласына 16,3 млрд теңге қосымша инвестиция тартылмақ. 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарланыпты.

 Сонымен қатар, биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген.  Оның ішінде  дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп  0,7 мың гектарға егілген екен. Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған. Сонымен қатар, биыл аумағы 18 гектар жылыжай кешенін (4,8 млрд теңге) құру, 241 гектарды құрайтын қосалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба (4,7 млрд. теңге), 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын он жоба (685 млн. тг.) және тағы басқа өндіріс өндіріс орындары ашылады дейді басқарма басшысы. Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.


Тамшылатып суғару әдісімен бір жылда 4 рет өнім алу жоспарлануда
Жылына 4500 тонна иірімжіп өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу