«Даму Лизингпен» - кәсібіңді бірге дамыт!

Oinet.kz 12-10-2021 542

Кәсіпкер болу, бизнеспен айналысу – жеке тұлғалардың дамуымен қатар мемлекет әл-ауқатына да айтарлықтай әсер ететіні белгілі.  Әрине, енді бастаған кәсіпкерлер мен жаңа ашылған кәсіпорын бизнес саласының тіс қаққан өкілдерімен бір қатарда тұра алмайды. Бұл саланың ерекшелігі де осында. Жас кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау күтеді. Бұл еліміз үшін соны дүние емес. Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында нешеме бағдарлама әзірленген, іске асырылған, жүйелі жолға қойылған. 

245836951_1692512214292141_4171035088709705708_n.jpg

Осы орайда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынған «Даму Лизинг» бағдарламасы туралы айтып өтсек. «Даму Лизинг» бағдарламасы – бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудағы тиімді құралдардың бірі. 

Лизинг – техника жалдау мен несиенің қоспасы. Кәсіпкер бизнеске арналған автокөлік, арнайы техника немесе жабдықты ұзақ мерзімді лизингке ресімдеп, кейін сатып ала алады. Ол үшін «Даму лизинг» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін лизинг компаниясына жүгінуі қажет. ⠀  

Шарттары: 

• максимал сома - 500 млн теңге 

• мөлшерлеме - 16%-дан аспайды 

• мерзімі - 7 жылға дейін 

• Мақсаты - лизинг  

• Бизнесіңіз үшін зор пайда.  

Бағдарлама туралы толығырақ қордың сайтынан https://damu.kz/programmi/loans/damu-lizing/ сілтемесі бойынша біле аласыз. Бағдарламаға қатысу үшін және басқа да сұрақтар бойынша 1408 қысқа нөміріне хабарласыңыз. ⠀ 

«Даму Қоры». Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз. 

Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Шымкент қ. Қонаев даң.,95/1.  

Тел. +7 (7252) 99-70-49 алуға болады. 

Сапалы байланыс қызметі жүзеге асырылмақ
Ордабасылық спортшылар боз кілемде оза шапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу