Ауылдар сапалы интернет жүйесімен қамтамасыз етіледі

Oinet.kz 10-10-2021 422

Қазіргі таңда сапалы байланыс қызметіне қол жеткізу кез келген ауыл немесе елді мекендердің басты мәселесіне айналуда. Өткен жылдан бастап коронавирус індетінің кең етек жаюы онлайн білім жүйесіне өтуге алып келді. Сол сәтте сапалы байланыс қызметіне қол жеткізу қажеттілігі туындады.  

image.png

Осы орайда Ордабасы ауданына қарасты елді мекендер сапалы байнаыс қызметіне қосылатын болады. Бұл туралы аудан әкімдігінде ауылдар мен шалғай елді мекендердегі ұялы байланыс қызметінің сапасын жақсартуға арналған жиын барысында айтылды.  

Күн тәртібінде ауданға қарасты 57 елді мекендегі байланыс қызметі мен интернет сапасы сөз болып, ауыл тұрғындары салалық мекеме басшыларына өз мекен-жайларындағы қызметтің жай-күйін айтып өтті. 

Кеңеске аудан әкімі Бағлан Батыршаев, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев, салалық министрліктің Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы РММ басшысы Ержан Тоқтағұлов, отандық байланыс операторларының жауаптылары, ауыл әкімдері мен тұрғындар қатысты.  

- Балаларды қорғау бағыты бойынша халықаралық ұйымдар арқылы алған грант негізінде алдағы уақытта аудандағы 8 мектепке жоғары жылдамдықты интернет желісін тартатын боламыз, - деді Елнұр Рахымбердіұлы. 

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 19 ауылға жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылған. Арнайы желі қазірге ауылдардағы әлеуметтік нысандарға (мектеп, әкімдік, құқық қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, балабақша, т,б) жеткізілген.  

Алда Қазақтелеком АҚ арқылы инвесторлар есебінен тұрғын үйлерге жоғары жылдамдықты интернет желілері тартылмақ. 

Жастарға жетістікік сыры таныстырылды
Сапалы байланыс қызметі жүзеге асырылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу