Еріктілердің қатары артуда

Oinet.kz 10-10-2021 533

4.jpg

Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінде ауыл жастарына волонтерлік түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен еріктілер клубын ашу мақсатында ашық есік күні өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

Шара барысында жастар еріктілер қатарына қосылып, арнайы анкеталар толтырды. Сондай-ақ, тіркелген жастарға еріктілердің басым бағыттары таныстырылып, арнайы тренингтер ұйымдастырылып, командалық ойындар ойнатылды. 

Ерікті болуға ниетті жастардың қатары артып, 60-қа жуық жас ашық есік күніне қатысты.

Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам.

Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады.

Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.


Елдің болашақ ұстаздың қолында
Жастарға жетістікік сыры таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу