Елдің болашақ ұстаздың қолында

Oinet.kz 06-10-2021 449

3.jpg 

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

-Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға,-делінген аудан әкімінің құттықтауында.

-Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.

Осы ретте, елімізде орын алған санитарлық - эпидемиологиялық ахуалға қарамастан ұстаздарымыз шәкірттеріне ғылым мен кемел білімнің дәнін себуде. Мұнымен бірге мектеп ұжымдары әрқашан да қоғамдық іс-шараларға да аянбай ат салысып, барлық салада белсенділік танытуда.

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!


Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Еріктілердің қатары артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу