Тазалық жұмыстарымен қатар тарихи туризм насихатталуда

Oinet.kz 25-09-2021 403

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды" деп айта келіп, туған жерді аялап ұстау керектігін ескертті.  

 image.png

Осыған орай, Ордабасы ауданындағы «Эко – Ордабасы» экологиялық қозғалысының белсенді мүшелері Бадам ауылдық округі аумағында орналасқан Ер Дәуіт мазарындағы Қотырбұлақ бұлағына тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Экологиялық сана қалыптастырумен қатар туған өлкенің тарихын танып білуді көздеген еріктілер тобы мазар атырабы мен бұлақ басын қоқыстан тазартып, зияратшының үйін ағартып берді. 

Киелі орынның шырақшысының айтуынша «Бұлақтың жоғарғы жағындағы көктастарда Дәуіт пайғамбардың ізі қалған», - деген де аңыз-әңгіме бар. Расында алып адамның іздері байқалады. 

Қариялардың айтуына қарағанда бастау қос тастың арасынан жарып шығатын болған. Қотырбұлақ суының қасиеттілігімен қоса әртүрлі ауруларға ем болғандығы көп айтылады. 

Сондықтан бұл бұлақтың суына қышыма, қотыры бар адамдар, безгек болғандар шомылып емделген. 

Бұл жайында халық арасында жиі айтылатын мынандай өлең жолдарынан білуге болады. 

105 жастағы әже халық санағына қатысты
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік себепттері табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу