105 жастағы әже халық санағына қатысты

Oinet.kz 24-09-2021 409

Қазақта «Қарты бар елдің қазынасы бар» - деген жақсы даналық сөз бар. Қазақ - қариясын құрметтеп, батасын алып, ақылын арқа тұтатын халық.  

image.png

Осы негізде Ордабасы ауданында халық санағына 105 жастағы әже қатысты. Темірлан елді мекені Т.Рысқұлов көшесінің тұрғыны Шамбек Сатенқызы Рахманова Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағына қатысты. 

Жастық көктемін Ұлы Отан соғысы жылдары Тылда өткеріп, кейіннен совхозда жұмыс істеген Шамбек Сатенқызы 1936 жылы тұрмыс құрып, 10 бала-шағаны баулып өсірген.

Бүгінде асыл әжеміз өзінен тараған ұл-қыздан 29 немере 69 шөбере, 15 шөпшек барлығы 113 немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр. 

Жалпы алғанда Санақ - Ұлттың болашағы мен ертеңін бағамдайтын науқан. Тұтас ұлтымыз үшін маңызы зор жобаға еліміздің тұрғындары үлкен белсенділікпен қатысуда. Он жылда бір рет келетін науқанды сіздер де жіберіп алмаңыздар. Себебі, ұлт үшін маңызы бар жобаны әрбір қазақ асқан патриорттық сезіммен қабылдай білгені жөн. 

Жұмыссыздар толықтай жұмыспен қамтылуда
Тазалық жұмыстарымен қатар тарихи туризм насихатталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу