Жұмыссыздар толықтай жұмыспен қамтылуда

Oinet.kz 23-09-2021 402

Қазақта “Екі қолға бір күрек” деген даналық сөз бар. Расында, жұмыс істеймін, еңбек етемін деген адамға қашан да жұмыс табылары сөзсіз.  

image.png

Осы негізде, Ордабасы ауданында халықты жаппай жұмыспен қамтамасыз ету ісі тиімді жолға қойылған. Мысалы, Шұбарсу ауылдық округінің тұрғыны Мәдина Рүстемова бірнеше жылдар бойы жұмыссыз екендігін алға тартып, жыл басында Жұмыспен қамту орталығына жүгінген. 

Кез – келген жұмысты істеуге келісетінін, білімі мен біліктілігі толықтай жететіндігін айтып, мекеме қызметкерлерінен кеңес алған. Нәтижесінде аудандық жұмыспен қамту орталығы ақылы қоғамдық жұмыс шеңберінде аудандық ішкі істер бөліміне «Сақшы» жобасына жолданды.  

- Жұмыс істеп, еңбек ету мақсатыимен “Жұмыспен қамту орталығына” бардым. Неше жылдан бері жұмыссыз жүрген едім. Мамандар ішкі істер бөлімінде жұмыс  бар деген соң, осында Сақшы ретінде жұмысқа орналастым - дейді Мәдина Рүстемова. 

Бүгінгі таңда Шұбарсу ауылында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ауыл көлеміндегі қоғамдық тәртіптің сақталуына атсалысуда. 

«Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту орталығының» тиімділігі артуда
105 жастағы әже халық санағына қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу