«Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту орталығының» тиімділігі артуда
Бүгінде «Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту орталығы» халық арасында өз жұмысыныкң тиімділігін арттыруда. Екі қолға бір күрек дегендей аталмыш жобаның басты мақсаты халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Осы негізде Ордабасы аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері «Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту орталығы» іс – шарасы аясында Шұбарсу, Қараспан және Бадам ауыл округтерін аралады.
Маусымдық жұмыстардың көптігіне байланысты аудан тұрғындарының Жұмыспен қамту орталығына жүгінуіне уақыттары тапшы. Сол себепті, «Мобильді жылжымалы жұмыспен қамту орталығының» басты мақсаты жұмыспен қамту саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды аудан тұрғындарының назарына толықтай жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау. Сонымен бірге, аудан әкімінің тапсырмасымен «Аделя» жылыжайына тұрғындарды жұмысқа жұмылдыру көзделген.
Мекеме қызметкерлері халық көп шоғырланатын базар, нотариус, пошта т.б жерлерде халық арасында үгіт – насихат, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олардың басты парызы халықтың жұмыссыз тобын жұмыспен қамтамасыз етіп, аталған жобаның тиімділігін таныту.