Жүзім шаруашылығы - аудан экономикасының негізгі күші
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі күші. Аграрлық білім мен ғылымның дамуы арқылы ауыл көркейіп, мемлекет өркендейді. Бүгінгі күні мемлекет агроөндірістік кешеннің дамуы үшін барынша жағдай жасап отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылық мамандарына қойылатын талап та заманға сай жаңаруда. Осы негізде, Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев ауыл шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.
Соның бірі Бөржар ауылдық округіне қарасты «BalKausar» бау шаруашылығы. Аудан әкімі жүзімнің элиталық асханалық сортын өсіретін ұжымның болашақ жобаларымен танысып, шаруашылық иесінің жұмысына оң бағасын берді.
Жалпы жүзім шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең маңызды әрі дәстүрлі салалырының бірі.
«BalKausar» бау шаруашылығы жаңа технологияны қолдану арқылы қысқа уақыт ішінде мол өнім алуды көздейді. Бұл шаруашылық әзірге 10 гектар алқапқа асханалық жүзім сортын жерсіндірген.
Былтыр қыркүйек айында егілген жүзім көшеттері өсіп, жеміс берген жағдайда жылына 250 тонна өнім алынады деп жоспарлануда.