Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік себепттері табысталды

Oinet.kz 13-10-2021 647

1.jpg

Елімізде әр жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтіледі. Бүгінде «Дүниежүзілік мүмкіндігі шектеулі жандар күні» аясында аудан әкімдігінің бастамасымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер есебінен азық-түлік себеттері үлестірілді. Шараға «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова қатысты. Бұған дейін де айтулы күн аясында ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілер есебінен көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері үлестірілген. Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандар осындай игі іс шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сарыағаш ауданында  7 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Атап айтқанда 1-топ 533 мүгедек, ІІ-топ 2520 мүгедек, ІІІ-топ 2988 мүгедек, 1075 адам-16 жасқа дейін мүгедектігі бар балалар. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде 4 мыңға жуық мүгедекке тиісті мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде: 400-ге жуығы тұрақты есепте тұр.

Осы орайда, аудандағы тұрмысы төмен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға демеушілер есебінен тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отырады.


Тазалық жұмыстарымен қатар тарихи туризм насихатталуда
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу