Санақ - ұлт болашағы үшін маңызы зор науқан
Санақ - Ұлттың болашағы мен ертеңін бағамдайтын науқан. Тұтас ұлтымыз үшін маңызы зор жобаға еліміздің тұрғындары үлкен белсенділікпен қатысуда. Алардың қатарында Ордабасы ауданының тұрғындары да бар.
Осы негізде Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жұмыстары жөнінде кеңес отырысы өтті.
Жиынға аудандық Статистика басқармасының басшысы, ауыл әкімдері мен білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің жауаптылары қатысты.
Күн тәртібінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz сайты арқылы өтетін онлайн санаққа тұрғындарды қатыстыру, техникалық базаның жұмысын жүйелеу, арнайы кеңес беретін орындар ұйымдастыру жайы сөз болды. Алдағы уақытта, 144 сұхбатшы 1 қазаннан бастап әрбір үйге барып, сұхбат жұмыстарын жүргізеді.
Аудандық Статистика басқармасының басшысы Манзура Шәмшидинованың айтуынша, 10 ауылдық округ, статистика басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық аурухананың ішінде санақ бұрыштары ашылған.
Бүгінгі таңда әрбір мекеме өздеріне бекітілген жауапты мамандардың көмегімен санаққа онлайн түрде қатысуда.