Асарға сапалы интернет тартылды

Oinet.kz 12-10-2021 630

Screenshot_27.png

Еліміздің үшінші мегаполисі бүгінде ақылды, цифрлы және қауіпсіз қалаға айналып келеді.Цифрлық сауаттылық – адамның өмірдегі барлық салада цифрлы технологияларды сенімді, тиімді және қауіпсіз қолдануға дайындық. Ол қазіргі таңдағы ақпараттық қоғамда қауіпсіздіктің негізі саналады. Шымкентте цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету. 

Қаратау ауданына қарасты 2000-нан астам үй бар. Ауданға қарасты Асар шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігімен жеке инвесторлар тартылған болатын.

Бүгінгі таңда «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Асар шағынауданына оптика желісі толық жүргізіліп, 2000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі, жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылды. Нәтижесінде, Асар шағынауданындағы 9000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік бар. 

Бүгінде өтініш қалдырған 200-ге жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға (8 775 395 29 02) нақты өтінімдер берілген жағдайда, «i-LinkNet» компания тарапы шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ете алады. 

Алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы Самал-3 шағынауданын (100%) талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіледі дейді сала мамандары. 


80 мың тонна өнім жиналды
Шымкенттіктер кейіпкерлер киімін тамашалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу