80 мың тонна өнім жиналды

Oinet.kz 12-10-2021 653

Screenshot_26.png

Ел арасында "Шымкенттен бәрі шығады" деген әзіл шыны аралас сөз жиі айтылады және бұл бекер емес. Сан ғасырлық тарихы бар шаһар топырағында бүгінде өспейтін жеміс, шықпайтын көкөніс жоқ. Шымқалада өзге салалармен қатар ауылшауашылық саласы да қарқынды дамып келеді. Биыл да шаруашалар мол өнім жинап, ел экономикасына айтарлықтай үлес қосты. Қалада ауылшаруашылық саласының дамуына мемлекеттік қолдаудың септігі тиіп отырғанын да айта кеткен жөн.  

Мамандардың мәліметінше Шымкенттегі егістікке жарамды 38,9 мың гектар  жердің 75,3%  игерілген. Ол 29,3 мың гектарды құрайды. Биыл  29,3 мың гектар алқаптан 85,4 мың тонна өнім алу жоспарланған. Бүгінгі таңда 80 мың тонна (93,7%) өнім жиналған.

 Сонымен қатар, мегаполис балансында «Керемет сапа» ЖШС (14,8 га), «Д-Сабыр» ЖК (14 га), «Beiibarysfruits» ШҚ (6,5 га), «Altyn Tur» (7,8 га) ЖШС, «Алан и Компания» ЖШС (жалпы 45 га) сынды ірі шаруашылықтар бар.  Ал, қарқында алма бауының жалпы көлемі 264,2 га құрап отыр. 

2021 жылдың  8 айында ауыл шаруашылығы дақылдарының экспорты 99,3 мың АҚШ долларды құраған. Оның ішінде Тәжікстан мен Өзбекстан елдеріне 30,4 тонна алма экспортталған дейді салаға жауаптылар.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығындарының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Мәселен,  «Жылыжай кешенін салу және кеңейту» - 25%, «Тамшылатып суаруды құру және кеңейту» -  50%,  минералды тыңайтқыштар -50%.


«Бабалар жолымен» атты мәдени кеш өтті
Асарға сапалы интернет тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу