Кәсіп бастайтын жастарға қолдау көп

Oinet.kz 09-10-2021 845

Screenshot_16.png

Шымкент қаласында кәсіппен айналысып жүрген 12 жас арасында бизнес-жоба жасау барысында сүйемелдеу шаралары ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге арналған 26 кездесу, 5 семинар-тренинг, 9 практикалық оқыту ұйымдастырылған. Осылай деген  қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев қаламызда жастардың кәсіпкерлікпен айналысуға барныша жағдай жасалғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Жастардан жастарға ақпараттық керуен» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл қаламыздағы 15 шалғай аудан жастарын қамтып үлгерген. Жобаны ұйымдастыру барысында 6500 жас арасында мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттандыру шаралары жүзеге асқан. Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген 11 жастың құжаттарын рәсімдеуге сүйемелдеу шаралары атқарылып, 65 жастың құжаттарын тұрғын үйге кезекке тіркеуге көмек көрсетілген және 48 жасқа бос жұмыс орындарына жолдама берілген. "Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жұмыссыздықтың алдын алу бағытында ең ұтымды атқарылған шаралардың жемісі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады", - дейді қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.

Статистикаға жүгінсек, үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Оның 84 771-і жұмыс істесе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандары – 23 602. Ал олардың 3,8 пайызы жұмыссыздар қатарында. Қазіргі таңда өзектісі баспанамен қамту және жұмыссыздық мәселесі болып тұр. Бұл бойынша 2021-2022 жылдар аралығында «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4500 жасты оқытып, кемінде 2000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлу және «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік жасап, 2020-2025 жылдар аралығында 15 мыңға жуық жасты «Жастар практикасына» бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік жасау көзделген. 


Мәскеу-Шымкент бағыты қайта ашылды
Туристік аймақтарды таза ұстаған жөн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу