Мәскеу-Шымкент бағыты қайта ашылды

Oinet.kz 09-10-2021 742

Screenshot_15.png

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға келіп-кеткен туристердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сәйкесінше 6,4 және 3,3 есе азайып, 218,3 мың және 527,9 мың адамға дейін кеміген. Пандемия сыртқы туризмді әлсіреткенмен ішкі туризмге оң әсерін тигізіп отыр. 

Қазір елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады. Бұл туризмнің бойына қайта қан жүгіртеді деген сөз. 

Үшінші мегаполис те шетелдік туристерді қабылдауға даярланып жатыр.   Мәселен «Scat» әуе компаниясы Мәскеу-Шымкент және Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша рейсін қайта ашты. Аталған бағыт бойынша тікелей келу қызметі пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Еліміздің үшінші мегаполисіне келуші туристер үшін енді тікелей, кедергісіз ұшуға мүмкіндік жасалып отыр. Туристер Мәскеуден Шымкентке аптаның әр сәрсенбісінде кешкі уақытта ұшады. Жалпы, ұшу кезінде жолаушылар қауіпсіздігі мен карантин талаптарының сақталуына баса назар аударылған. 

Айта кетейік, бүгінде Мәскеуге Шымкент қаласынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларынан да рейс бағыттары қайта ашылды. Одан өзге, Шымкент қаласына Ыстамбұл мен Грузиядан да тікелей рейстер жүруде.


Туристерді қызықтырған галерея
Кәсіп бастайтын жастарға қолдау көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу