Туристерді қызықтырған галерея

Oinet.kz 09-10-2021 863

Screenshot_14.png 

Туризм барлық шығармашылық саламен тығыз байланысты ( сәулет, өнер, қолөнер, дизайн, сән, кино, IT, салалары). Дәл осы шығармашылық салада табысты жұмыс істеп келе жатқан — “Алтын Орда” көркемсурет галереясы. Орталық Шымкентке келуші отандық және шетелдік туристер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие. 

Қолданбалы өнердің бірнеше түрін меңгерген Болат Бейісбеков бұл салада 30 жылдан аса еңбек етуде. Бүгінде шебер сүйген ісін кәсібіне айналдырып, жеке отандық брэнд қалыптастырып отыр. Ата кәсібтің негізін қалаған Болат Бейісбековтің жұбайы мен балалары да дәл осы сала иелері. Бір отбасындағы 7 жан киізден түрлі жасау жасап, түскиіз тоқып сонымен қатар ер-тұрман соғады. Шеберлердің ұшқыр қиялынан туындаған әрбір дүниеде қазақ халқының тың тарихы, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы үйлесім тапқан. Мәселен, қыз-келіншектер шеберханада ұмыт бола бастаған киіз басу мен алаша тоқуды дамытуда. Жүннен жіп иіріп, кілем тоқиды. Үйренгісі келетіндерге қазақтың шашағын жасап көрсетеді. Ол үшін арнайы курстар ұйымдастырылады екен. Тұңғиықта қалып қойған шашақты дүниелерді суырып алып, қазіргі заман талабына сай етіп жасап шығаруда. Сондай-ақ киіз басып, киім шығарады. Табиғи өнімнен жасалған сырт киімдер мен үйде киетін аяқ киімдерге сұраныс та артып отыр. Отағасының айтуынша отбасылық галереяға елімізден бөлек шетелдік туристер де жиі аяқ басатын көрінеді. 

Әрбір туристтің қолында қазақтың киіз үйі, қамшысы секілді кәдесыйлар кетсе, қаламыздың туризмі аз уақытта айтарлықтай дамиды деген сенімдеміз.


«Мұғалім – мектептің жүрегі»
Мәскеу-Шымкент бағыты қайта ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу