Ақыл жастан...

Oinet.kz 06-10-2021 631

Screenshot_7.png

Шымкент жастар қаласы. Әсіресе мұнда өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар жетерлік. Солардың бірі «Chaplin ̓s Barbershop» ерлер шаштаразын нарыққа бейімдеп, біршама жетістікке жетіп отырған Тоқтар Әлімбеков. Оның есімі сондай-ақ U:projects жобасы арқылы көпшілікке таныс. Тоқтардың жобаларының барлығы шынайы, халыққа қажет, қаланың адами капиталын өсіруге негізделген жобалар. Тоқтардың бастамасымен 2019 жылы өткен «U:hack» жобасын өткізуге қалалық әкімдіктің мұрындық болғаны қуантады. Жас бизнесменнің жобаларының жүзеге асуына Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының шарапаты да тиді. 

Тоқтар Шымкентті жан-тәнімен сүйеді, туған қаласынан ешқайда ұзап кетпейтінін айтады. Тіпті, АҚШ-та төрт жыл тегін оқып, сол жақта қалуға мүмкіндігі болған кезде де «қайта келу үшін кеткенмін» дейді. Құрама Штаттардан қайта келіп, қазірде Шымкентінің атын шығарып жүр.

"Америкада жүргенде өзімнің жеке компаниям болатын. Бірінші курста жүргенде-ақ мақала жаздыратын. Соның нәтижесінде Шымкентке келгеннен 3 айдан кейін қорықпай кәсіп бастап кеттім. Әрине, көп қиындықтар кездесті. Қазір ойлап қарасам, үш жылдың ішінде біраз жұмыс атқарыппын. Басында шағын ғана бір шаштараз еді. Қазір екі шаштараз, үш кофехана, бір спорт клубы және тағы екі жобамыз бар. Жалпы саны – 6-7 компания.  Менің әр жобамның өзіндік философиясы бар. Әрқайсысы қазақ ұлтының тарихы мен менталитетіне негізделген. Ал енді Чаплинге келер болсақ, ол тек комик актер емес, философ, әр рөлімен өз дәуірінің проблемасын дөп басып, соның шешу жолын көрсететін. Сол сияқты біздің жобаларымыз да қоғамның дамуына әсер етіп келеді",- дейді 28 жастағы жас кәсіпкер. 


Армандаған кәсібін ашты
«Шаңырақ» - кәсіп ашудың алғашқы баспалдағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу