Түркістан спортшылары 4 медаль жеңіп алды

Oinet.kz 29-09-2021 355

Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионатында 2 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді. Олар 23-27 қыркүйек аралығында өткен Қырғызстан Республикасының Ош қаласында ушу саньда спорт түрінен халықаралық жарысқа қатысқан болатын.

image.png

Атап айтқанда, Бекнұр Бекжанұлы 75 келіде ақтық сынға дейін қарсылас шыдатпайды. Бірақ, финалда қарқынды қарсыласына есе жіберіп алды. Сәтсіздікке бой алдырып қойды. Осылайша Бекнұр Бекжанұлы күміл медальді жеңіп алды.

Сонымен қатар, Еркебұлан Әмірғазиев 80 келі салмақта екінші орын орын иегері атанды. Ал, Нұрбақыт Айтмұқаш 65 келіде, Еркебұлан Тұрды 75 келі салмақта үздік үштіктің қатарынан көрінді. Жаттықтырушысы - Ғалымжан Алтынбеков.

Балуандар Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары. Жуырда жұмысын бастаған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы самбошы қыз Перизат Жақыпбекова Беларусь Президенті жүлдесі үшін өткен Халықаралық турнирде алғашқы алтынды еншілеген.

Түркістан облысында спортшылардың жоғары спорт шеберлігін арттырып, спорт резервін дайындауға, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету үшін толық жағдай жасалған.

Түркістан қаласында спорт мектептері заман талабына сай ойын алаңдары құрылыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, облыстың түкпір-түкпірінде спорт нысандары бой көтеруде. Осы арқылы спорттық инфрақұрылым дамуда. Бұл жерде болашақ чемпиондар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары өсіп шығады. Дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, кәсіби өсуі үшін барлық жағдай жасалады.

Түркістан облысында мектептер модернизациялануда
Түркістан облысының Сайрам ауданында 5 ауылға газ берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу