Түркістан облысында мектептер модернизациялануда
Түркістан облысы бойынша Адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен 2020-2021 оқу жылында 108 мектеп модернизацияланады. Соның ішінде Түлкібас ауданына қарасты 42 білім беру мекемесінің мектеп кітапханалары да модернизациялауға еніп отыр. Мектеп кітапханаларын модернизациялаудың басты міндеті қызметтердің сапалы жаңа жүйесін құру, кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру болып табылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік-саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни, модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
Сонымен бірге, қолға алынған жұмыстар кітапхана ісін жаңғыртуға, жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта Түлкібас аудандық білім бөліміне «100 кітап» жобасына еніп, қазақ тіліне аударылған, 26 атаумен 2100 дана енген көркем әдебиеттер және балалар әдебиеттерімен толықтырылды.
Түркістан облысы бойынша 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты 28 мыңға жуық оқушы бітірді. 2 мыңдай түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 1369 түлек ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегері атанды. 2020-2021 оқу жылында оқушыларымыз халықаралық, республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралуда. «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының бірінші лектегі қола медальмен 81, екінші лектегі қола медальмен 188 оқушы марапатталды.