Шөкеев Кентауда қолға алынған бастамаларды қолдады

Oinet.kz 27-09-2021 321

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына жасаған сапары барысында «HEVEL KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн электростанциясындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Облыс басшысы шаһарда жүзеге асып жатқан тың жобаларға қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

image.png

Сонымен бірге, Өмірзақ Естайұлы Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Соның аясында Кентау әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасына сәйкес, әрбір аулаға баларға арналған жаңа заманауи ойын алаңшалар орнатылуда. Тұрғындардың санына қарай, аулаларға автобекеттер жасалып, ішкі жолдарға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 100-ге жуық балалар алаңқайы ашылып, аулалар абаттандырылады. Құрылыс жұмыстары кезінде сол аймақтың тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Сонымен қатар, спорт алаңдары салынып жатыр.

Облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды. Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Кентау Трансформатор зауытына» барды. Зауыт басшылығы бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-робот жұмысымен таныстырды. Робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған.

Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.

Кентауда көпқабатты үйлер газбен жылытылады
Түркістан облысында мектептер модернизациялануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу