Түркістан облысының Сайрам ауданында 5 ауылға газ берілді

Oinet.kz 30-09-2021 378

Түркістан облысының Сайрам ауданында табиғи газға қосылған елді мекендер саны артты. Бүгін аудандағы бес елді мекенге табиғи газ берілді. Осылайша аудандағы 42 елдімекеннің 26-сы табиғи газбен қамтылған Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Қайнарбұлақ ауылдық округі Қасымбек датқа елдімекеніне аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы арнайы барып, газ құбырын іске қосу шарасына қатысты.

Енді Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын берілді. Аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының Шымкент филиалы мекемесі арасында 7,9 млн. теңгеге газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін келісімшарт түзілді.

Жыл соңында елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 74 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеуі тиіс. Сондай-ақ, аудандағы онға жуық елді мекенді газдандыруға облыстық бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіле бастады. Құтарыс, Қызылжар, Таскешу, Ақсуабад, Тоған, Оймауыт пен Ақарыс, Сарыарық, Көлкент ауылдарына газ құбырын тарту жұмыстары келер жылы, тіпті одан кейінгіжылы да жалғасады. Өйткені бұл жобаның орындалуы жопар бойынша 2022-2023 жылдары да жүргізіледі.

Айта кетейік, Сайрам ауданы 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.

Түркістан спортшылары 4 медаль жеңіп алды
Түркістан облысында «Жетікөлде» халықаралық турнир өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу