Түркістанда вакцина салдырғандар 900 мыңға жуықтады

Oinet.kz 29-09-2021 448

2.jpg

         Түркістан облысында 891 966 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Облыста екінші компонентпен 722 809 адам вакцина салдырды. Түркістан облысының 42401 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 30 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,21% құрайды. Облыста 1 033 302 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 421 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 орын бар, олардың 1569-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 160 жағдай тіркелді. Олардың 7328-де ауру симптомсыз өткен болатын.

Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. 

Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда. Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек,-деп атап өткені белгілі.


«FARAB» озық технологиямен жабдықталған
Бизнесін жеңілдетілген несиемен бастағандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу