«FARAB» озық технологиямен жабдықталған

Oinet.kz 29-09-2021 461

1.jpg

         Түркістан облысының қариялары 1 қазан – Халықаралық қарттар күнін ерекше атап өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «FARAB» кітапханасында қариялармен кездесіп, оларға құрмет көрсетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Құрметті ел ағалары мен қазыналы қарттарды бірегей кітапханамен таныстырған облыс басшысы Түркістанды күллі түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қайта түлеткен Елбасының еңбегін ерекше атады. Финляндия кітапханалары үлгісінде салынған «FARAB» кітапханасы заманауи құрылғылармен және озық технологиямен жабдықталған. Көпфункциялы білім беру кешенін аралатқан Өмірзақ Естайұлы көне жазбалар тақтайшасы мен 480 мың кітапқа арналған кітап сақтау орны, цифрландыру, консервациялау және реставрациялау зертханасы, дәріс залы, көрме атриумы, FabLab цифрлы шеберханасы мен сирек кітаптар мен манускриптер залымен таныстырды. 

«Біз атаның ақ батасымен, әжелеріміздің мейірімімен өсіп-өнген халықпыз. Сіздердің өмір жолдарыңыз, ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін өнеге. Қасиетті Түркістанды дамытуда Сіздердің де қосар үлестеріңіз мол. Сіздер біздің қазынамыз әрі бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағысыздар. Сіздерге,  отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсаулық, берекелі ұзақ ғұмыр тілеймін, саналы ұрпақ пен жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда болыңыздар», — деді Өмірзақ Шөкеев. 

Жас ұрпаққа өзінің өнегелі еңбек жолымен үлгі болып жүрген ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, облысқа еңбегі сіңген бірқатар еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталды. 


Корпоративтік парасаттылықты нығайту шарт
Түркістанда вакцина салдырғандар 900 мыңға жуықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу