Ордабасыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйелі түрде атқарылады

Oinet.kz 10-08-2020 714

image.png

2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. аластырылған.

Осыған байланысты Ордабасы аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің жанынан құрылған Ордабасы Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.  Баймаханова әлеуметтік желілер арқылы (facebook) тікелей эфирде сұхбат берді.

Бүгінде облыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және ақпараттандыру шаралары арқылы тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-ағарту штабы жұмыс істейді. Ал ауданда осы бағытта құрылған арнайы мониторингтік топ қызмет атқарады. Оның құрамында аудандық зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ құралдары белсене ат салысады.

Кеңсе жетекшісінің мәліметіне сүйенсек, ауданда карантин режимі жарияланғаннан бастап, аудандағы дәрханалардың баға тұрақтылығын және санитарлық талаптарды сақтауын топ мүшелдері қатаң бақылауға алған. Нәтижесінде санитарлық талаптарды дұрыс сақтамаған 3 дәріханаға ескертулер жасалынып кемшіліктер түзелінген. Ал 1 дәріханаға фискальды чек бермегені үшін ескерту жасалды.

Жалпылама аудан көлемінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ауданға қарасты ауылдық округтерге 13 баннер орналастырылды. Сонымен қатар,  "Ордабасы адалдық штабы" құрылды. 

Ауданда жалпы алғанда сыбайлас жемқорлдықпен жағдай тұрақты. Өңірдегі барлық жағдай арнайы мониторингтік топ мүшелерінің бақылауында.

Шардара: 300 орындық мектептің ел игілігіне жарар күні алыс емес
Шардарада ардагер құрылысшылардың еңбектері еш қалмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу