Шардарада ардагер құрылысшылардың еңбектері еш қалмады

Oinet.kz 10-08-2020 718

image.png

Шардарада ауданды көркейтуде ерекше рөл атқарып, ауданның құрылысында аянбай қызмет еткен зейнет жасына шыққан ардагерлерге ерекше сый-құрмет көрсетілді.

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісі - Құрылысшылар күні болып бекітілген. Осыған орай, ауданымызға көптеген жылдар бойы еңбек сіңірген ардагер құрылысшы тұлғалар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Алғыс хаттарды аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров табыстай отырып, ауданымыздың көркеюіне және экономикалық тұрғыдан дамуына үлкен септігін тигізер нысандардың бой көтеруіне атсалысқан құрлысшыларға өз алғысын білдірді.

Марапатталып жатқан әр құрылысшының еңбегі зор. Олар зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлер тұрғызып, жолдар салып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысып жүрген азаматтар. Кәсіби мерекелерінде осыған лайықты құрметке ие болды. Мұны өңір басшысы орынбасарының өзі атап өтті.  

Еліміздің дамуында өзіндік қолтаңбаларын қалдырып келе жатқан құрылысшылар үшін қандай мақтау-мадақтау болмасын аз. Еңьегі елге сіңген кез келген сала қызметкерінің еңбегі еш қалмайды.

Ордабасыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйелі түрде атқарылады
Сайрам: Мал бордақылау кәсібі өрістеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу