Сайрам: Мал бордақылау кәсібі өрістеуде

Oinet.kz 10-08-2020 626

image.png

Мал шаруашылығын басты несібем деп санаған қазақтың бұл кәсібі бүгінде де өз маңызын жойған жоқ. Қайта күннен-күнге дамудың даңғыл жолында келе ­жатыр.

Ата кәсіпті бұрыннан меңгерген сайрамдық шаруалар мал бордақылау кәсібін де дөңгелетіп әкетті. Қазіргі таңда ауданда мал бордақылайтын орындар саны біршама артқан. Қолдан келгенше кәсіп бастап, елдің экономикасына сүбелі үлес қосуға ат салысып жатқан жеке кәсіпкерлер мал шаруашылығының бұл түріне баптылық қажет екенін айтады.

Жалпы ауданда 1012 мал бордақылау орындары бар. Осы бордақылау алаңдарында бір мезгілде 43000 бас мал бордақылануда. Бұл деген өте жақсы көрсеткіштердің бірі.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдарында 118 бірлік ашу жоспарланса, 6 айда 109 бірлік ашылған, тапсырма 92,4% орындалды. Жыл соңына дейін толық орындалады.

Сайрам бағзыдан атакәсіпті арқау еткен берекелі аймақ. Расында шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауыл-аймақта кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.

Шардарада ардагер құрылысшылардың еңбектері еш қалмады
Сайрам: Мал өнімдері саны артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу