Сарыағаш: Су ережелерін сақтау маңызды

Oinet.kz 06-08-2020 978

image.png

Сарыағаш ауданы аумағындағы шомылуға тыйым салынған өзен, көлдер жағалауларына рейдтік жұмыстар жүргізілді

Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен төтенше жағдай қызметкерлері бірлесе отырып "Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтік жұмыс барысында жасөспірімдерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін, ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау ескертілді.
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз. Ал ең бастысы, өзіңіз сырын білмейтін орынды шомылудан бас тартқаныңыз абзал.

Суға шомылудың негізгі ережелері

–Суға шомылатын жерді, оның тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріңіз;

–Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;

–Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз;

–Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;

–10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;

–Аяқ-қолыңыздың сіңірі тартылған жағдайда сасқалақтамаңыз, су бетінде қалып, адамдарды көмекке шақыруға тырысыңыз;

–Мас күйде суға шомылуға болмайды;

–Қоршау белгілерінен тыс аумаққа шықпаңыз;

–Техникалық ескерту белгілерінің үстіне шықпаңыз.


Шардара: «Қамқорлық» бағдарламасы аясында баспаналы болғандардың алғысы шексіз
Сарыағашта жасөспірімдерге қатысты түнгі рейд жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу