Шардара: Түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жүр

Oinet.kz 05-08-2020 615

image.png

Коронавирус індетіне байланысты Қазақстанда сақтық шаралары барынша күшейтілді. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде жедел штаб құрылып, қауіпті инфекцияның алдын алу үшін арнайы іс-шаралар әзірленген. 

Қазір ең өзекті мәселенің бірі коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып отыр. Осыған байланысты Шардара ауданына қарасты Достық ауылдық округінде «COVID-19» пандемиясының кең таралуының алдын-алу мақсатында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндірілуде.

 Сондай-ақ аймақта адамдар көп шоғырланатын орындар мен азық- түлік дүкендерінің аумағында дезинфекциялық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Ауыл емханасының дәрігерлерімен Ауыл әкімінің қызметтік көлігімен бірге сырқаттанып жатқан тұрғындарға ем домдарын жасауда.

Шардара: Ауруханаға түсетін қоңыраулар саны азайды
Созақ: Індетпен күресте белсенді болған азаматтар марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу