Шардара: Ауруханаға түсетін қоңыраулар саны азайды

Oinet.kz 05-08-2020 530

image.png

Коронавирус індетін жұқтырғандар күннен-күнге азайып келеді. Шардара ауданында құрылған медициналық жедел арнайы топқа осыған дейін 80-ге жуық қоңырау түсіп отырған болса, бүгінде қоңыраулар саны тек 20-ға жетеді екен. Десе де ақ халаттылар тұрғындарды босаңсымауға, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырады.

Ауданда 1900-дан астам науқас лабороториялық тексеруден өтсе,соның тек 7-і ғана оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар өкпе қабынуы бойынша 72 науқас ем қабылдап жатыр. Айыққандар саны 132-ге жетіп отыр. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша қорда дері-дәрмектер жетерлік, жағдай толықтай бақылауға алынған.

Індеттің алдын-алу жолында ақ халатты жандардың еңбегі орасан зор. Сол себептен де ауруханада жатқан науқастар ол кісілерге мың алғыс айтуда.

Аудандағы бүгінде жағдай тұрақты. Әкімшілік тарапынан барлық медициналық құрал-сайман, апараттар саны толықтай қадағаналанып отыр.

Сарыағаш: Дәрі-дәрмек бағасы бақылауда
Шардара: Түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу