Сайрамда тамшылатып суару әдісі қолға алынды

Oinet.kz 04-08-2020 661

image.png

Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу.

Сайрамдықтар үшін бүгінде үнемділік басты назарда болып отыр. Сондықтан суарудың бұл түрін пайдалану аудан шаруалары үшін аса тиімді. 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Көлкент ауылдық округі, Ақсуабад ауылы тұрғыны А.Аманов 1 жылда 2 өнім алу және ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы екінші өнімге қияр өнімін жетістіруде.

Қазіргі пластиктен жасалған жіңішке түтіктердің пайда болуымен тамшылатып суару әдісі жандана түсті. Бұл тың дүние дәл Израильде қолданысқа енгізілді. 1959 жылы Симча Бласс пластик құбырлар бітеліп қалмас үшін суды қысыммен айдайтын пластик мөлшерлеуіш арқылы жібере бастады. Патенттелген бұл тәсіл кең қолданылып жүр.

На изображении может находиться: люди стоят и на улице

Израильде алма бағы тамшылатып суару әдісінің арқасында гектарына 450-750 центнер өнім береді. Бұл әдіс жүзімдіктерді суарудың өзге тәсілдерін тұтастай алмастырды. Шашыратып және атыз арқылы суаруға қарағанда, тамшылату тәсілімен түсім 20-30%-ға артып, жүзімдіктердің жылдық жеміс беру қарқыны өскен. Көптеген елдерде бақтар мен жүзімдіктерді суару үшін сағатына 2-8 л. су тамшылататын, аралары 0,70-1,25 м арнайы тесіктер бір қатардың бойына орналастырылған құбырлар жасалады. Үйреншікті суару әдісімен сирек, яғни 1-2 аптада бір рет суарылады, ал тамшылата суару – 1-3 күн ішінде 1 рет. Судың мөлшері буланудың коэффицентіне қарай анықталады.

Сайрам: Қайырымды азаматтар 7 тонна ет таратты
Сарыағаш: Астық ору науқаны қызып тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу