Сайрам: Қайырымды азаматтар 7 тонна ет таратты

Oinet.kz 04-08-2020

image.png

Қасиетті құрбан айт мерекесінің қарсаңында сайрамдық қайырымды азаматтар құрбан шалып, 7 тонна ет таратты. Мыңнан астам отбасы қайырымды жандардың ісіне дән риза болып, алғыстарын жаудырды.

Аудан көлемінде кешегі үш күн айтта Құрбан айт мерекесіне орай, 65 ірі қара, 178 ұсақ мал, яғни қой құрбандыққа шалынып, 1251 отбасыға ет таратылды. Олардың қатары аудандағы жалғыз ілікті қарттар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, асыраушысынан айрылған, көмекке мұқтаж жандардан құралды.

Еттен бөлек, 3,5 млн теңгенің азық-түлік себеттерін (ұн, май, күріш, қант және т.б) әзірлеген қайырымды жандар аталған отбасы мүшелеріне айттық таратып, игі шараға келе алмайтын отбасы мүшелеріне үйме-үй кіріп табыстады.

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасаудан жарысып, нағыз мәрттік пен жомарттығын танытқан азаматтарға көпшілік мол сауапқа кенелуді тіледі.

Сайрам: Шағын кәсіп - экономиканың негізгі құрауышы
Сайрамда тамшылатып суару әдісі қолға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×