Шардара: Қос тұрғын үй кешені құрылысы аяқталуға жақын

Oinet.kz 03-08-2020 646

Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешені ...

сурет ашық дереккөзден алынды

Шардарада құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көп ұзамай жергілікті тұрғындары оның жемісін көретін болады.Биыл мұнда 3 құрылыс кешені пайдалануға берілетін болады.

Түркістан облысы Шардара ауданының орталығы болып есептелетін Шардара қаласында биыл 3 нысанды ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Тарқатып айтқанда, 4 қабатты 80 пәтерлі Астана және әл-Фараби көшелерінде орналасқан қос тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, А. Иманов атындағы 300 орындық орта мектебінің құрылысы қарқынды жүргңзңлңп жатыр. Алдағы уақытта ауданда көптеген құрылыс объектілерінің жоспары сызылып, тиімді нысандар бой көтеретін болады. 

Сондай-ақ, 2020 жылы аудан бойынша "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында 18,04 шақырым, яғни 21 көшенің жолдарына орта жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы 9,84 шақырымды құрайтын Оңдасынов, Түгелбаев, Әйтеке би, Төле би және Жібек жолы көшелерін орта жөндеуден өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы аясында, Төле би көшесінің бойындағы желілі саябағы және Жібек жолы көшесі мен "Үш арыс" скверін абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек, қала ішін көркейту бойынша бірқатар жоспарлар жасалып жатыр.

Ордабасы: Мұқтаж жандарға көмектесу - адами борыш
Созақтықтар дәрігерлерге алғысын жаудырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу