«Тұран Экспрессті» дамытуға 700 млн. теңге бөлінеді

Oinet.kz 03-11-2019 993

Znalezione obrazy dla zapytania "Туран Экспресс"

 Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүгінгі күні тез өрбіп келеді. Түркістанның әлеуметін көтеру қала алдындағы тұрған басты міндеттердің бірі. Жалпы, бүгінде отандық өнім, тауар, қызмет түрлерін қалыптастырып, оларды отандық нарыққа шығару мемлекеттің басты көздегені болып табылады. Түркістан қаласында тек қана отандқ табиғи өнімдер ғана емес, технология, транспорт түрлері де шығарылатын деңгейге жеткелі қашан.

Түркістанда қала кәсіпкерлері қазірде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландырылуда. Соның бірі Қазақстанда 12 жыл қызмет етіп келе жатқан "Туран Экспресс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

"Туран Экспресс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  "Атамекен" кәсіпкерлерлік палатасының "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы комипанияны дамытып, компания квалификациясын жоғарылату мақсатында 700 млн. теңге алмақ. Әзірге жоба ЕДБ қарауында.

2006 жылы компания құрылып, қазірде көшбасшы-тасымалдаушылар қатарына енген. 12 жыл ішінде компания 3 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. Бүгінде компания ай сайын жарты миллион адамға дейін тасымалдайды. Бір ғана Алматы – Достық бағыты маусымның қызу кезінде рейске 1 500-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.

Туристерге арналған электромобильдер енгізу жоспарда
Түркістанның өнеркәсіп өнімінің көлемі 6%-ға артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу