Қонақ үй кәсібі туристердің көптеп келуімен байланысты дамиды

Oinet.kz 04-10-2019 763

Znalezione obrazy dla zapytania гостиницы хостелы

Түркістанда кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму қарқынды жүзеге асып келеді. қаладағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан кәсіпорындар соның айқын дәлелі.

Қала әкімі Рашид Аюпов айтқандай облыс орталығы екі бағытта дамығанда ғана оның экономикасы мен әл-ауқаты жақсарады. Түркістан - көптеген тарихи жәдігерлер мен орындар шоғырланған қала. Қаланың басты міндеттерінің бірі мұнда барынша туристерді қызықтыру. Әрине бұл тұста келетін туристерге жақсы сервис ұсыну аса маңызды. Осы тұста шаһарда қонақ үй кәсібі де жан-жақты жанданып келеді. Бұрынғы қонақ үйлерді қайта абаттандырумен қоса, жаңа қонақ үйлер құрылысы да бақылауда.

Қала тұрғыны Тілепова Айнұр орналастыру орындарын салу (хостел, люкс класты қонақ үйлер) мақсатында мемлекет тарапынан қарастырылған "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына қарасты "Қарапайым заттар экономикасы" арқылы өз кәсібін бастау мақсатында 100 млн. теңге көлемінде қаражат алуды көздеп отыр. Айнұр болашақта қалада қонақ үй саласы туристердің көптеп келуімен байланысты жақсы дамитынына нық сенімде.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Г. Даханованың айтуынша, мұндай жобалық алқа Түркістан қасында алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл – кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік.

Көкөніс шаруашылығына айрықша көңіл бөлінуде
Түркістанда бұрын болмаған кәсіпорын салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу