Ғасырлық ғұмыры ғажайып актриса

Oinet.kz 16-03-2025 63

«Тарихта ізі қалған дара тұлғалармен кездесудің киелі орны – театр сахнасы» деп қазақтың айдыны Ғ.Мүсірепов айтқандай, театр әлемінде өшпестей із қалдырған сахна саңлағы, XX-шы ғасырдың басында – жаңа ғасырмен дүние есігін ашқан Айша Абдуллина анамыз өнердің майталманы.

Screenshot_2.jpg

Көрнекті сахна шебері Айша Абдулина 1916 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1935 жылы Қазақ мемлекеттік драма театры жанындағы 2 жылдық студияны аяқтайды. Қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында шығармашылық еңбек жолын бастайды. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің он күндігінде  Жамбылдай жыр алыбы, К. Бәйсейітова, Қ.Жандарбековтердің жанында бірге өнер көрсетеді. Қазақ театр өнерінің тарихында  А.Абдулина тұңғыш рет Дездемона бейнесін сомдады. Кейін Шымкент қаласына қоныс аударып, Ж.Шанин атындағы академиялық театрында 65 жыл бойы үзіліссіз  актриса болып қызмет етті. Орындаушылық диапазоны кең актриса ұлттық драматургия мен әлемдік классиканың жауһарларында бір-біріне ұқсамайтын 100-ден аса сахналық бейнелерді сомдап, әйелдер бейнесінің толыққанды галереясын жасады. Солардың ішіндегі Айша апамыздың өнердегі бойтұмары- Еңлік, Қыз Жібек, Дездемона бейнелері еді. Өнер әлемінде қол жеткізген жетістіктері мен ерен еңбегі, шығармашылық жолы-жас буын үшін жарқын үлгі болды. 

Ұзақ жылғы өнер мен мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының мемлекеттік стипендиясына ие болды. «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Сайрам ауданында орналасқан «Ардақты ана» музейінде актрисаға арналып бұрыш ашылған.

П.Ахметова, 

«Ардақты ана» музейінің қызметкері

«Қазақстан гүлі» атанған Рәзия
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу