«Қазақстан гүлі» атанған Рәзия
Өскелең ұрпақ тарихи, құнды жәдігерлерді білумен қатар, елге еңбегі сіңген аға-әпкелерімізді де танып өсуі тиіс. Сайрам ауданында орналасқан «Ардақты ана» музейінде елге еңбегі сіңген аналарға арналып бұрыштар ашылған.
Соның бірі - «Флоренс Найтингейл» медалімен марапатталған Қазақстандық 5 медбикенің үшінші иегері Рәзия Шәкенқызы Ысқақова. Өзі сұранып, 1941 жылдың қазан айында әскеи фельдшер болып соғысқа аттанды. Ол кезде Рәзия Шәкенқызы 19 жасар қыз еді.
Рәзия Шәкенқызын кейде майдандас достары «Қазақстан розасы, Қазақстан гүлі» деп те атайтын. Рәзия Шәкенқызы Сталинградтан бастап Харьковті, Киевті, Варшаваны азат етуге қатысты. Берлинді алу шабуылына атсалысты. Праганы азат етуде де майданның ортасынан табылды.
Рәзия апаның кеудесінде «Қызыл жұлдыз» ордені мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» және басқа он жеті медаль жарқырады. Кеңестер Одағының Құрметті қан тапсырушысы болып қаншама адамның ажалдан арашалануына септігін тигізді. Бейбіт өмір кезіндегі еңбегі үшін «Денсаулық сақтау саласының үздігі»төзбелгісімен марапатталған.
А.Әзімхан,
«Ардақты ана» музейінің қызметкері