Рейдтік іс-шара өтті

Oinet.kz 05-10-2026

image.png

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз ету және заң талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. «Заң мен тәртіп» қағидаты бұл бағыттағы профилактикалық шаралардың негізгі өзегіне айналып отыр.

  Осы мақсатта  Қаратау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта белгіленген талаптарды сақтауы, олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлардың бар-жоғы және заңды өкілдерінің жауапкершілігі назарға алынды.

Рейд кезінде түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты 27 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар іс-шара қорытындысында барлығы 74 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, әрбір жағдай бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты тек құқық бұзушылықты анықтау емес, оның алдын алу. Жасөспірімдердің түнгі уақытта бақылаусыз жүруі олардың түрлі келеңсіз жағдайларға тап болу қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен заңды өкілдердің бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы маңызды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары да ерекше орын алады. Жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіру, олардың құқықтары мен міндеттерін білуіне жағдай жасау, ата-аналарға жауапкершілік шараларын жеткізу құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау – полиция мен прокуратураның ғана емес, ата-ана, білім беру ұйымдары және жалпы қоғамның ортақ міндеті. Әр тарап өз жауапкершілігін дұрыс орындаған жағдайда жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік артады.

Қаратау ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бұл шаралар «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде орнықтыруға бағытталған.

«Айқын нәтиженің» көрсеткіші жақсы
Қоғамдық орындарда тәртіпке бақылау жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу