«Мырзакент—Жетісай» жолы жөндеуден өтуде

Oinet.kz 16-08-2024 99

2.jpg 

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-100 «Мырзакент-Жетісай» автомобиль жолынының 36-69,3 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Жетісай қаласы, Жылысу, Талапты, Атамекен, Мақташы, Теміржол, Мақталы елді мекендері аралығын қамтиды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «APK Stroy Group» ЖШС тарапынан жолдың ескірген асфальт жабынын алу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес, тазаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау және аяқжол салу жұмыстары қаралған. Нысан 2025 жылы аяқталады.

Сонымен бірге  Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекемеге кешенді уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Бүгінде спорт кешенінің шатырына металл құрылымын орнатумен қатар, сылау жұмыстары атқарылуда. Кешеннің оқу-жаттығу базасы барлық талаптарға сай жабдықталатын болады. Сондай-ақ, жаңа нысан түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы болмақ. Екі қабаттан тұратын ғимаратта волейбол, баскетбол алаңдарымен қатар, күрес, боксқа арналған зал бар. Одан бөлек, бассейн және футболмен айналысу үшін ашық спорт алаңы болады. Кешен құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.


«Ауыл-Ел бесігі»: Түлкібаста медициналық нысандар салынуда
«Өнерлі өлке»: Кезек келестік өнерпаздарға келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу