«Ауыл-Ел бесігі»: Түлкібаста медициналық нысандар салынуда

Oinet.kz 16-08-2024 81

1.jpg 

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мәселен, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендерінде заманауи жаңа медициналық емханалар қ ұрылып ел игілігіне берілді. Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике сынды мамандар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек обиыл өңірдегі Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ-баба елді мекендерінде заманауи медициналық нысандардың құрылысы басталған.

Соның бірі Абайыл елді мекеніндегі медициналық мекеменің құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Мердігер мекемеге нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтау тапсырылды.

Айта кетерлік, алдағы уақытта елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында аудан аумағындағы медициналық мекемелерді қажет ететін 11 елді мекенге кезең-кезеңімен жаңа нысандар салу жұмыстары жалғасын таппақ.


Ақын-жыраулар мұрасындағы имандылық
«Мырзакент—Жетісай» жолы жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу