«TURKISTAN STARTUP WEEKEND»: Жеңімпаздар белгілі болды

Oinet.kz 31-07-2023 284

35.jpg 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен үздік инновациялық жобалар байқауы жарияланған болатын.

Байқауға облыс көлемінде 90-ға жуық қатысушының жобалары қабылданып, үздік деп танылған 20 жоба бүгін комиссия қарауына ұсынылып, жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Байқаудың мақсаты - еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сондай-ақ отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу.

- Бұл байқау жаңа технологиялар саласында әлеуметтік маңызды жобаларды анықтау, ғылымды қажет ететін, экономиканы дамытуға бағытталған прогрессивті және жаңашыл жобаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, потенциалды инноваторлар мен инновациялық жобаларды ойлап табушыларға бизнесті жоспарлауды оқыту ғалымдардың, инженерлік-техникалық жұмысшылардың, өнертапқыштардың, жастардың инновациялық ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру байқаудың басты мақсаты болды, - дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысында «Жылжымалы шиномонтаж» жобасымен бас жүлдені Құрманбаев Рахым Құнанбайұлы иеленді. I орынға Сейсембек Мейірлан («DTF Printer» жобасы), II орынға Тойбеков Ердәулет Бауыржанұлы (Мобильді қосымша “Washing Car" жобасы), III орынға Халимов Фарид («Cansat» жобасы) лайық деп танылды.

Сондай-ақ байқауға қатысушы барша жастарға ынталандыру сыйлықтары берілді.


Заңсыз карьерлер жабылды
«Welcome to Turkistan – 2023» сапарға шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу