«Ауыл -ел бесігі»: Кентауда құрылыс қарқынды
Кентау қаласына қарасты ауылдарда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Ащысай ауылында бағдарлама аясында Б.Момышұлы көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізіліп, 150 м суағар орнатылған. Сондай-ақ 6 дана жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш көшенің жүріс бөлігіне нығыздау және тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Асфальт салу жұмыстары атқарылмақ.
Ауылдағы Жангелді көшесінің 1180 м құрайтын аяқ жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, 290 м суағар орнатылды. Аяқжолдың қауіпті аймақтарына 18 м темір шарбақ орнату жұмыстары жасалды. Дәл осындай құрылыстар А.Құнанбаев, Т. Досжанова, Т. Рысқұлов, Торлан көшелерінде жүргізілді. Енді аталған көшелерге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылмақ.
Желеу ақын көшесінің бойына 150 м сауағар орнатылып, Нышанбаев, Құлымбетов, С.Мұқанов көшелеріне жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы жұмыстар қалаға қарасты Хантағы ауылында да жүзеге асып жатыр. Ауылдың 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары енгізілген. Қазіргі таңда, Хантағы көшесінің 1,1 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үсенбаев, Н.Төреқұлов, Достық, Қаратау, Иманов көшелерінде нығыздау және тас төсеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.
Өткен жылы бағдарлама аясында Қарнақ ауылының 10 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген болатын.