Басқосуда мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді
Халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша арнайы құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жиын өткізді. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрбат ауылында өткен атаулы жиынның күн тәртібінде төмендегі төрт мәселе талқыланды: Шалғайдағы ауылдардың тұрғындары арасында, әсіресе этностар топтасып тұратын аудандарда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмысты қамтамасыз ету; Этносаралық коммуникацияның тиімді құралдарын қалыптастыру үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жаңа серпін беру; Ұлттың интеграциялық әлеуетін нығайту мақсатында полиэтносты халқы бар аудандардағы жұмысты жандандыру; Бірлік пен өзара түсіністік құндылықтарын, сондай-ақ жалпыұлттық күн тәртібін жан-жақты ілгерілету үшін Қазақстанның түрлі этностарының тілдерінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі қолдау бойынша шаралар қабылдау және этностар тығыз шоғырланған аудан, қалаларда халықтың әл ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіру.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, «Бизнестің жол картасы-2025», «Ұлттық жоба», «Болашақ» және «Дипломмен ауылға», «Даму» мемлекеттік бағдарламалары мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, «Серпін-2050» мәңгілік ел жастары индустрияға, «Бастау бизнес» жобалары мен Жастар практикасы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмысшы топтың жиынына Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сыдықов Қанат Жамалбекұлы, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Маханбет Жандос Маханбетұлы, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Мамутжанова Махаббат Мамуджанқызы, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Жақсылықова Нұргүл Асқарқызы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттің мекемесінің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, Түркістан облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы, Қазығұрт ауданының прокуроры Қанат Базарбаев, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелері және басқалар қатысты.
Атаулы жиын барысында жұмысшы топ мүшелері арнайы баяндамалар жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.