Шардараны кәріз жүйесімен қамту жобасы қолға алынды

Oinet.kz 10-06-2023 254

35.jpg

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылы және Шардара қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Шардара ауданы  әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде аудан әкімі Шардара ауданындағы 4 айда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. 

Кездесулер мен жеке қабылдау барысында Қ.Тұрысбеков ауылындағы мал өлексесін тастайтын орынды жаңарту, газдандыру, электр бағаналары, ауыз су мәселелері көтерілді. Жаушықұм ауылында болған кездесуде аудан әкімі ендігі жылы Жаушықұм ауылын толық газдандыру жұмыстары басталатынын жеткізді. Жаушықұмдықтар тарапынан 12 мың гектар егістікті суландыру жобасының тоқтап тұрғандығы, бірқатар көшеге тас төсеу бойынша сауалдар көтерілді. Сондай-ақ, Шардара қаласында аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Аудан басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап, ірі жобаларға тоқталды.

« Жалпы ауданда ПУИД-2 ағын су каналдарын бетондау, 12 мың гектар Жаушықұм массивін игеру жобалары басталған. Қ.Тұрысбеков ауылын шілде айының соңына дейін газ көзіне қосу жоспарда бар. Ал Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Тама-Тастанбек» жобасын іске асыруды жоспарлап жатырмыз. Сонымен қатар, Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамту жобасы қарқынды жүруде. Бұдан бөлек, қаланы көгілдір отын көзіне толық қосу бойынша кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланған.»- деді Қ.Жолдыбай. 

Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй салу, заңсыз құм сатушылармен күрес, №3 шағынаудандағы ауыз су қысымының мәселесі, қоғамдық көлік кестесін реттеу, Жақаев көшесіне тас төсеу және басқа да әлеуметтік жеке мәселелер көтерілді. 

Аудан әкімі әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті бөлімдер мен мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берді. 

Сондай-ақ, аудан басшысы әр тоқсан сайын аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, мәселелерді бірлесіп шешу бойынша қарқынды жұмыс істейтінін жеткізді. 


Түркістан: Жаңа форматтағы кездеулер Шардарада жалғасты
Шардара: Әкіммен кездесуде инфрақұрылым мәселесі көтерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу