Кентау: Табиғи газбен қамту 52 пайызға жетеді
Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен лездемелік жиын өтті. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Бұл туралы Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы болып қалалық қаржы және экономика бөлімінің басшысы И.Азизбаев 2023 жылдың 1 маусымға бюджеттің орындалуы туралы мәлімет берді. Екінші болып қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов Өңірге инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы баяндады.
«Жыл басынан “TURKISTAN” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Кентау қалалық бөлімшесінде жалпы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 126 адамға кеңес жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 29 адам несиелендіруге қол жеткізген.
Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерден рұқсат құжаттарын алу бойынша 98 адамға кеңес беріліп, оның ішінде 71 қызмет түрі көрсетілген. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 90 кәсіпкерге бизнес жоспар әзірленген. 25 жоба сүйемелденіп, қазіргі таңда кәсібін дамытуда» деді бөлім басшысы қаладағы Индустриалды аймақтағы жобаларға тоқталды.
«Қала әкімі қаладағы әрбір жоба сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыратын жоба болуы қажет. Тек қалада ғана емес, ауылдағы ауылшаруашылық саласындағы жобаларды да зерделеп, жұмысын әлі күнге жүргізбеген шаруақожалықтарға ескерту берілсін», деді.
Қала аумағындағы тұрғын үйлердің орталықтандырылған табиғи газ жүйесіне қосылу жұмыстарының барысы туралы қалалық газ қызметі КММ директоры А.Әміртаев баяндап өтті. Наурыз айында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласының газбен жабдықтау объектілерін іске асыру жөніндегі және қала тұрғындарын табиғи газға қосу бойынша жол картасы әзірленген. Жол картасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін қала тұрғындарының 52% табиғи газға қосу жоспарланған. Мамандар бұл жоспарды тамыз айында орындаймыз деп отыр. Жоспарға сәйкес, қазіргі таңда қала бойынша жалпы 18000 абонентің 3213-і табиғи газ жүйесін қолданып отыр.
Қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Ә.Елеусізов облыс және қала әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат берді. Қала басшысы баяндамашыларды тыңдап, жұмыс барысы бойынша бірқатар ескертулер жасады. Әр орынбасарына өздеріне қарасты салаларындағы мәселерді жүйелеп, шешімін баяндауды тапсырды.