«Ауыл аманаты» аясында ауқымды шаралар қолға алынады

Oinet.kz 02-06-2023 196

43.jpg

        "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, бірқатар облыстық мәслихаттың депутаттары жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алдымен халық қалаулылары аудандық экономика және қаржы бөліміне келіп, бюджет қаржыларының мақсатты игерілуіне жүргізілген тексеру жұмыстары және аудан тұрғындарынан түскен арыз-шағымдарының қаралу барысы мен нәтижесі сұралды. Облыстық мәслихат аппаратының тиісті қызметкері сұрақтар бойынша түсініктеме берді. 

Мұнан кейін, партияның аудандық филиалының ғимаратында "Ауыл Аманаты" жобасы аясында "Ашық есік күні" шарасы өткізіліп, жергілікті тұрғындарды мәселелерімен қабылдады. 

Қабылдауға "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Алмас Әбдіқадыров, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов, облыстық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Н.Жамалбеков және С.Ералиев, Сайрам аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымжан Байболов  «Ырыс» шағын несие ұйымының аймақтық сарапшысы Д.Ендібаев, Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Ашық есік күнінде өткен қоғамдық қабылдауда «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативінің төрағасы Асанәлі Керимов пен Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасы жайында түсіндіріліп, сұрақтарына қажетті ақпараттарды алды. Облыстық филиалдың төрағасы жобаның мақсатына кеңінен тоқталды. 

Айта кетелік, Сайрам ауданы бойынша бұл бағдарламаның бірінші кезеңінде Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтері ұсынылған. Жоба аясында ауылдық округтерде скриниг жүргізіліп, нәтижесінде жалпы өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өзге кәсіппен айналысуға Ақбұлақ және Жібек Жолы ауылдық округтерінен 244 тұрғынға (оның ішінде АӘК) алушы 70 азамат жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға қызығушылық танытқан. Олар Ақбұлақ ауылынан 121, Жібек жолы ауылдық округінен 123 тұрғын ниет білдірген. 

Келесі кезекте «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы бойынша оңтүстік өңірінің тұрғындарының солтүстіктегі тіршілігін көру үшін жолға шыққан топты салтанатты түрде шығарып салды.


Сайрам: Тұрғындардың жеке мәселесі тыңдалды
Кентау: Табиғи газбен қамту 52 пайызға жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу