Төлеби ауданында ауыз су мәселесі толық шешімін табады

Oinet.kz 06-06-2023 236

41.jpg

Елімізде қабылданған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлыттық жобасы арқылы 2025 жылға дейін елді мекендердегі ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздейді. Төлеби ауданында осы бағытта ауқымды жобалар қолға алынуда.  

   ХХІ ғасырда жер шарындағы ең өзект мәселе – тұщы су, яғни сапалы ауыз су. Ауыз су - кез-келген тірі жан үшін ең қымбат және қалпына келтіре алмайтын табиғи қоры болып саналса, ол жыл санап кеміп барады. 

Төлеби ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  таулы аумақта орналасқанымен, ауданда жаздың аптап ыстықтарында ауыз су тапшылығы сезіледі. Аталған мәселені шешу бағытында кешенді жоспарлар құрылып, 50-60 жыл тұтынудан тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары кезеңімен жүргізілуде. 

Бірінші Мамыр ауылдық округі Бейнеткеш елді мекеніне 23.0 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 133 құдық орнатылып, сыйымдылығы 300 метр кубты құрайтын су қоймасы салынды. Мердігер «Строй Жол Сервис» ЖШС. Елді мекенді таза ауыз су құбырына қосу жұмысы 2023 жылдың шілде айы жоспарлануда. Қазіргі кезде резервуар аумағын абаттандыру, тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, Зертас елді мекеніндегі су құбырының құрылысын жүргізуші мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і тарапынан 52.0 шақырым су құбыры тартылып, 351 құдық қойылып, сыйымдылығы 1200 куб метрді құрайтын су қоймасы салынды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың шілде айына дейін жалғасып, нәтижесінде 5970 тұрғын, 986 абонент ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. 

Керегетас елді мекеніне 27.0 шақырым су құбыры жүргізіліп, сыйымдылығы 300 куб метрді құрайтын су қоймасы орнатылды. Су қоймасының маңайын абаттандыру ісі аяқталғаннан кейін 158 абонент ауыз суға қосылады. 

Нысанбек елді мекенінде де ауыз су құрылысы аяқталуға жақын. 22.0 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, 300 куб метрді құрайтын резервуар орнатылды. Қазіргі кезде жобаға ілінбей қалған 10 үйге ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау бойынша мердігер мекемен келіс-сөз жүргізіліп, шілде айында 170 абонент таза сумен қамтылады деп күтілуде. 

Ленгір қаласын сапалы ауыз сумен қамту бағытында Көктерек су тазалау имаратының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде 2200 куб метр резервуар, су тазарту құрылғысы орнатылды. Химиялық тазалаудан шыққан кәріздік суын төгетін көлемі 100 куб метрді құрайтын септик құйылып, имарат маңы қоршалып, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 


Төлеби ауданы: Тұрғындардың шағымы бақылауға алынды
Сайрам: Тұрғындардың жеке мәселесі тыңдалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу