Төлеби ауданы: Тұрғындардың шағымы бақылауға алынды

Oinet.kz 06-06-2023 321

40.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдауға келген Кемеқалған ауылдық округінің тұрғыны, «Ақсар» ӨК төрағасы ретінде кооператив иелігіндегі жерден ортақ жайылымға 4500 га жер бөлуге келісімге келгенімен онда туындап отырған мәселелер бар екенін айтып, көмек сұрады. Аудан әкімі арнайы жер қорына алынған жерді елді мекен халқы ортақ жайылымдық жер ретінде пайдаланатынын, оны ешкім өз жеке меншігіне ала алмайтынын түсіндіріп, заң аясында құжаттарды реттеуге көмек беретінін айтты. 

Ленгір қаласы І мөлтек аудан тұрғындары №18 үйдің жертөлесіндегі құбырды ретке келтіріп, аулаға орнатылған шағын сауда бутигін басқа орынға орналастыруды сұранды. Мөлтек аудан аумағына қойылған балалар ойын алаңшасы, түнгі жарық, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнекамералар үшін алғыстарын жеткізді. 

Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауында болатынын, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Қабылдау барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, оның тың бастамаларынан зор үміт күтетіндіктерін айтты.


Келесте пияздың ерекше сорты егілуде
Төлеби ауданында ауыз су мәселесі толық шешімін табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу